Template created by Joomla 1.6 templates and the best poker webpages: party poker bonus code and best poker sites.

2018 жылғы 25-26 қазан аралығында медициналық - санитариялық алғашқы көмек көрсету бойынша жаһандық конференция болып өтті

Басып шығару
Құрылды 26.10.2018

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің бастамасымен 2018 жылғы 25-26 қазан аралығында еліміздің тарихында елеулі оқиға, атап айтқанда, медициналық - санитариялық алғашқы көмек көрсету бойынша жаһандық конференция болып өтті. Аталған конференцияға жер- жаһаннан жиналған 2000-ға жуық Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары, дәрігерлер, сонымен қатар әлемдік аты бар баспасөз саласының қызметкерлері қатысты. Астана қаласы әкімдігінің, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен конференцияға 60-қа жуық делегат ШЖҚ «№9 қалалық емхана» МКК-ге келіп, медициналық- санитариялық алғашқы көмек көрсету жұмыстарымен танысты.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігі, Астана қаласының әкімдігі және Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының делегаттарға медициналық- санитариялық алғашқы көмек көрсету бойынша біздің емхананы ұсынуы - емхана қызметкерлеріне үлкен сенім артқаны деп білеміз. Мұхит асып, шет елдерінен келген қонақтар отанымызда көрсетіліп жатқан медициналық көмекке өздерінің оң бағасын берді.

Ашық есік күні

Басып шығару
Құрылды 22.09.2018

Астана қаласының аймақтық департаменттерінің, жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметкерлерін - 18 ден 62 жасқа дейінгі халықтық нысаналы топтарын аймақтық тіркелуге сəйкес, профилактикалық скринингті медициналық қарауға "Ашық күндер өткізу" бүгін емханамызда өз жалғасын тапты.

Отбасы күні

Басып шығару
Құрылды 15.09.2018

ШЖҚ «Қалалық емхана №9» МКК қызметкерлері бүгін Ұлттық отбасы күніне орай Астана қаласы Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы ұйымдастырған «Дені сау отбасы- ден сау мемлекет» Ұлттық бағдарламасы аясындағы шараларға қатысты. «Жалпы тәжирибелік дәрігер -1» бөлімінің меңгерушісі Мукашева К.М. отбасымен яркокросс спорттық шарасына қатысып, Алғыс хатпен марапатталды.

Бос лауазымына орналасу

Басып шығару
Құрылды 04.09.2018

Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «№ 9 қалалық  емхана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бас дәрігері бос лауазымына орналасу үшін 

1) Гайса Халелович Кусаинов;

2) Бейбит Советбекулы Токтаров;

3) Сауле Каулешовна Смагулова  әңгімелесуге өткізілді.

Әңгімелесу күні мен уақыты: 2018 жылғы 4қыркүйекте, сағ.: 16.00.  

Әңгімелесу өткізілетін орын: Астана қ.,Бейбітшілік көшесі11

Астана қаласы әкімдігінің ғимараты, 4 қабат, 423каб.

Бос орыны лауазымына конкурс жариялайды

Басып шығару
Құрылды 13.08.2018

«Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11, анықтама телефоны: 8 (7172) 557486, b.almatova@astana.kz Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «№ 9 Қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бас дәрігері бос орыны лауазымына конкурс жариялайды.

Кәсіпорынның орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, Мәнгілік ел даңғылы, 16/1 үй, жұмыс телефоны: 55-43-62.

Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: пациенттерге жіті және созылмалы аурулар, жарақат, улану немесе басқа шұғыл жағдайлар кезінде дәрігерлерге дейінгі, білікті және мамандандырылған медициналық көмек көрсету; шұғыл медициналық, оның ішінде үйде көмек көрсету; созылмалы ауру нысандары бар адамдары бар адамдарды динамикалық бақылау; ауруларды ерте айқындау мақсатында пациенттерді тексеріп-қарау; пациенттерді стационарларға емдеуге жатқызуға жіберуді және медициналық оңалтуға, сондай-ақ санаториялық шипажайға емдеуге іріктеу.