Template created by Joomla 1.6 templates and the best poker webpages: party poker bonus code and best poker sites.

Қазақстанда иммундау апталығы

Басып шығару

Қазақстанда соңғы 10жыл (2005 жылдан) аралығында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Еуропалықаймақтық бюросы бастамашылығы бойынша ДДСҰ Еуропалық бюро елдерінде жыл сайын сәуір айында Иммундау апталығы өткізіледі.

Еуропалық Иммундау апталығы (ЕИА)-иммундауды насихаттау механизімінің тиімдісі болып табылады, ЕИА мақсаты  иммундауға назар аударуға тарту жолымен егумен  қамту деңгейін жоғарлату және оның маңыздылығы туралы хабарлау, сонымен бірге тұрғындардың осал топтарына аса назар аудару болып табылады. Ағымдағы жылда иммунизация апталығы 24 сәуір мен 30 сәуір аралығында жүргізіледі.

Акцияның максаты-халықтың иммунизация мәселесі бойынша сауаттылық деңгейін жоғарлату, ата-аналар, діни консерваторлары арасында иммунизациялануды міндеттеу, осы жолмен адам денсаулығын сақтау және вакцинамен басқарылатын инфекциялардың алдын алуға бағытталған вакцинапрофилактика жетістіктер деңгейін көтеруді қамтамасыз ету болып  табылады .

Қазіргі жағдайда тұрғындардың көшіп –қону процессі қарқынды болуынанэндемиялық елдерден (Үнді Пакистан,Ауған) жабайы полиомиелит вирусын, қызылша,пандемия тұмауын және де басқа инфекциялық ауруларды, басқа елдерге, соның ішінде Қазақстанға әкелу қауіпі үнемі туындайды. Осыған орай,эпидемияға тұрақты жағдайды құру ұшін Республикада бірнеше рет балалар мен жасөспірімдерді қызылша,қызамық,полиомилитке қарсы қосымша жаппай вакцинациялау жүргізілуде.

Әрбір елде тұрғындарды егуге арналған инфекциялық аурулар тізімі мен егулердің өз Ұлттық күнтізбесі бар.Қазақстанда Үкімет қаулысымен бекітілген егу күнтізбесі бар,вакцинациялауды қамту республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

Астана қаласында алдын алу егулер кеңінен жүргізілуіне байланысты сіреспе, күл,полиомиелит,құтырма және вакцинамен басқарылатын басқада инфекциялардың бірен- саран жағдайлары тіркеледі.Республикада тұрғындарды иммундау үшін ҚР мемлекеттік тіркеу процедурасынан өткен вакциналар қолданылады.2013 жылдан КР әкелінетін вакцинаның әрбір партиясында оның сапасы мен кауіпсіздігін бағалаумен міндетті сертификаттау енгізілген .

Иммудау мәселелеріне неліктен соншама маңызды назар аударылады?

Кейінгі жылдары вакцинациалау жүргізуге байланысты басқарылатын жұқпалардың өршу жиілігі соңғы жылдары күрт төмендеген, енді ата-аналар мен медицина қызыметкерлері инфекциялық аурулардан қорықпайды.Керсінше,вакцинаға қатысты жұртшылық пікіріне вакцинация қаншалықты қажет және қауіпсіз бе деген ойға берілетін адамдар тобы,Интернетте немесе баспасөздегі жарияланымдар ыкпал көрсетеді. Нәтижесінде,жекеленген жағдайларда иммундау өз табысының қурбаны болды.

Сонымен қатар,вакцинациямен алдын алуға болатын аурулар Еуропалық аймақ елдерінде жыл сайын кішкене жастағы балаларды өлім-жітімге әкеледі.Барлық елдерде осал және қиындықпен қол жеткізілетін егілмеген халық топтары бар, олар содан кейін жұқпалы аурулар өршуін туғызады.

Иммундау жыл сайын миллиондаған өмірді құтқарып қалады және бұл табысты бекіту және қолдау қажет.Медицина қызметкерлерінің ауру қауіптері және вакцинацияныңбасымдылығы туралы халыққа түсінікті тілменақпарат берулері аса маңызды.

Қазақстанда вакцинация тегін жүргізіледі. Әрбір адамға оның ішінде басқа елдерден келгендерге де қол жетерлік.

Бүгінгі күні иммундауға балама жок!

Иммундау аптасы кезінде қалауы бар осы елді мекендегі медицина ұйымдарында тіркелімінің болмауына қарамастан екпе алуына болады.