Template created by Joomla 1.6 templates and the best poker webpages: party poker bonus code and best poker sites.

ТМККК

Басып шығару

«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы
15 желтоқсандағы № 2136 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
  

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы
15 желтоқсандағы № 2136 қаулысына (Қазақстан Республикасының
ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 59, 529-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін, бірақ
2019 жылғы 1 қаңтардан ерте емес қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                  Б. Сағынтаев 

                                                                          Қазақстан Республикасы
                                                                          Үкіметінің
                                                                          2018 жылғы  «___»_________
                                                                           № __ қаулысына қосымша

                                                                           Қазақстан Республикасы
                                                                          Үкіметінің
                                                                           2009 жылғы 15 желтоқсандағы
                                                                           № 2136 қаулысына қосымша

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесі 

1. Жалпы ережелер 

1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі бюджет қаражаты есебінен (бұдан әрі – ТМККК) Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға ұсынылады.

Қазақстан Республикасының аумағында уақытша тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасы ратификациялаған заңдар мен халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) айқындаған тізбеге сәйкес айналадағылар үшін қауіп төндіретін жіті аурулар кезінде ТМККК алуға құқығы бар.

2. ТМККК халықтың денсаулығын сақтауға және қалпына келтіруге, сондай-ақ:

1) амбулаториялық – емханалық көмек:

медициналық-санитариялық алғашқы көмек;

консультациялық- диагностикалық көмек;

2) стационарлық көмек;

3) стационарды алмастыратын көмек;

4) жедел медициналық көмек;

5) санитариялық авиация нысандарында емделмейтін аурулардың ауыр жағдайларын жеңілдетуге бағытталған, дәрілік көмекті қамтитын медициналық қызметтердің кешені түрінде ұсынылады. 

 

2. ТМККК тізбесі

1. Амбулаториялық – емханалық көмек:

1) мыналарды:

  • МСАК мамандарының қабылдауын және консультацияларын (оның ішінде ақпараттық-телекоммуникациялық технологияларды пайдаланумен): жалпы практика дәрігері, учаскелік дәрігер-терапевт, учаскелік педиатр, учаскелік мейіргер, учаскелік жалпы практика мейіргері, фельдшер, акушер - пациенттердің келуі бойынша;
  • жіті және созылмалы аурулар, жарақаттар, уланулар және басқа шұғыл жағдайлар кезінде пациенттерге медициналық көмек көрсетуді;
  • уәкілетті орган бекіткен айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулар тізбесі бойынша пациенттерге медициналық көмек көрсетуді;
  • уәкілетті орган бекіткен тәртіппен жедел медициналық көмектің төртінші санаттағы күрделі шақыруларына қызмет көрсетуді;
  • МСАК мамандарының пациенттерге үйде қызмет көрсетуін амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қызметі туралы уәкілетті орган бекіткен ережемен көзделген көрсетілімдер бойынша;
  • салауатты өмір салтын қорғау, нығайту, рационалды және дұрыс тамақтану, отбасын жоспарлау мәселелері бойынша консультацияны;
  • созылмалы аурулары бар адамдарға телефон арқылы консультацияны;
  • Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен халық топтарына және тәртіппен инфекциялық және паразиттік аурулар тізбесі бойынша профилактикалық екпе жасауды;
  • санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен инфекциялық аурулар ошақтарында санитариялық- эпидемияға қарсы профилактикалық іс-шараларды;
  • профилактикалық медициналық тексеріп-қарауға (оның ішінде скринингтер) жататын халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық тексеріп – қарауды уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және осы тексеріп - қарауды өткізу кезеңділігімен өткізуді;
  • профилактикалық кабинеттерде және МСАК ұйымдарының денсаулық мектептерінде  пациенттерді оқытуды;
  • созылмалы ауруларды басқару бағдарламасына сәйкес пациенттерді және отбасы мүшелерін өзін-өзі бақылауға, өзіне өзі және өзара көмек көрсетуге оқытуды;
  • осы Тізбеге 1-қосымшаға сәйкес динамикалық бақылауға жататын МСАК деңгейінде басқарылатын созылмалы аурулары бар адамдарды динамикалық бақылауды;
  • уәкілетті орган бекітетін медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру бойынша нұсқаулықта көзделген, МСАК деңгейінде басқарылатын созылмалы аурулары бар адамдарды динамикалық бақылау кезінде міндетті диагностикалық минимум зерттеулерді;
  • осы Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес диагностикалық қызметтерді, оның ішінде профилактикалық мақсатта және пациенттің келуі бойынша көрсетілетін зертханалық диагностиканы;
  • медициналық-әлеуметтік және психологиялық қызметтерді;
  • уәкілетті орган бекіткен акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына сәйкес физиологиялық, асқынбаған жүктілік кезінде медициналық бақылауды және патронаждауды;
  • уәкілетті орган бекіткен Қазақстан Республикасында педиатриялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына сәйкес балаларды, соның ішінде жаңа туған нәрестелерді патронаждауды;
  • балаларды тісті және ауыз қуысының сілемейлі қабығын күту бойынша санитариялық-гигиеналық дағдыларға оқытуды - профилактикалық мақсатта жылына бір рет;
  • мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы балалардың, жалпы орта білім беру ұйымдарындағы оқушылардың, жүктілігі бойынша есепке тұрған әйелдердің ауыз қуысын профилактикалық қарап-тексеруді- профилактикалық мақсатта жылына бір рет;
  • осы Тізбеге 3-қосымшаға сәйкес МСАК деңгейінде көрсетілетін медициналық манипуляцияларды және ем-шаралар жасауды;
  • осы Тізбеге 3-6-қосымшаларға сәйкес стационарды алмастыратын көмекті, оның ішінде үйде көмек көрсетуді;
  • интернаттық білім ұйымдарын қоспағанда, орта білім беру ұйымдарының білім алушыларына медициналық көмек көрсетуді;
  • дәрілік заттарға және медициналық мақсаттағы бұйымдарға, оның ішінде уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес белгілі аурулары (жағдайлары) бар азаматтардың жеке санаттарына амбулаториялық деңгейде тегін немесе жеңілдікпен дәрілік заттарға және мамандандырылған емдік өнімдерге рецепт жазуды;
  • уәкілетті орган бекіткен тәртіппен өткізілетін уақытша еңбекке жарамсыздық сараптамасын қамтитын медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК) – медициналық ұйымды еркін таңдау құқығын ескере отырып, азаматтардың тұрғылықты жері және (немесе) бекітілген жері бойынша дәрігерге дейінгі немесе білікті медициналық көмек;

2) консультациялық-диагностикалық көмекті - МСАК маманының және бейінді мамандардың жолдамасы бойынша көрсетілетін мамандандырылған медициналық көмек:

  • созылмалы аурулары жоқ адамдарды;
  • МСАК деңгейінде басқарылатын созылмалы аурулары бар және динамикалық бақылауға жататын адамдарды;
  • осы Тізбеге 4-қосымшада көрсетілген тізімге сәйкес консультациялық-диагностикалық көмек деңгейінде бақылауға жататын белгіленген созылмалы аурулары бар адамдарды бейінді мамандардың қабылдауы және консультацияларды (оның ішінде ақпараттық-телекоммуникациялық технологияларды пайдалана отырып);
  • уәкілетті орган бекіткен амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережемен айқындалған көрсетілімдер бойынша - бейінді мамандардың пациенттерге үйінде қызмет көрсетуін;
  • уәкілетті орган бекіткен тәртіппен жүкті әйелдер мен он сегіз жасқа дейінгі балаларға медициналық-генетикалық консультацияны;
  • профилактикалық медициналық тексеріп-қарауға (соның ішінде скринингтер) жататын халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық тексеріп-қарауды уәкілетті орган бекіткен тәртіппен және осы тексеріп-қарауды өткізу кезеңділігімен өткізуді;
  • уәкілетті орган бекіткен акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына сәйкес асқынған жүктілікті медициналық бақылауды және патронаждауды;
  • осы Тізбеге 5-қосымшаға сәйкес консультациялық-диагностикалық көмек деңгейінде көрсетілетін диагностикалық қызметтерді, оның ішінде зертханалық және патологоанатомиялық диагностиканы (операциялық және биопсиялық материалды гистологиялық зерттеулер, цитологиялық зерттеулер);
  • осы Тізбеге 6-қосымшаға сәйкес халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал санаттары үшін (он сегіз жасқа дейінгі балаларға; жүкті әйелдерге, Ұлы Отан соғысына қатысқандарға; 1, 2, 3-топтағы мүгедектерге; "Алтын алқа", "Күміс алқа" белгілерімен марапатталған көп балалы аналарға; атаулы әлеуметтік көмек алушыларға; жасы бойынша зейнеткерлерге; инфекциялық, әлеуметтік мәні бар және орфандық аурулармен ауыратын және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулармен ауыратындарға) консультациялық-диагностикалық көмек деңгейінде көрсетілетін қымбат тұратын диагностикалық зерттеулерді;
  • жіті және созылмалы аурулар, жарақаттар, уланулар немесе шұғыл жағдайлар кезінде пациенттерге мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді;
  • осы Тізбеге 7-қосымшаға сәйкес бейінді мамандардың медициналық манипуляциялар мен ем-шаралар жүргізуін;
  • осы Тізбеге 8-қосымшаға сәйкес халықтың жекелеген санаттарына   жедел және жоспарлы стоматологиялық көмек көрсетуді;
  • осы Тізбенің 3-6-тармақтарына сәйкес стационарды алмастыратын көмек көрсетуді;
  • дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдарға, оның ішінде уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес белгілі аурулары (жағдайлары) бар азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық деңгейде тегін немесе жеңілдікпен дәрілік заттарға, мамандандырылған емдік өнімдерге рецепт жазуды;
  • уәкілетті орган бекіткен тәртіппен жүргізілетін еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптаманы;
  • құқық қорғау органдарының, тергеу және анықтау  органдарының жолдамасы бойынша психикалық белсенді заттарды тұтыну пәніне медициналық куәландыруды қамтиды.

2. Стационарлық көмек тәулік бойы, жоспарлы тәртіппен клиникалық хаттамаларға сәйкес, МСАК мамандарының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша, шұғыл түрде (демалыс және мерекелік күндерді қоса алғанда) жолдаманың бар-жоғына қарамастан  көрсетіледі және ол:

1) бейінді мамандардың медициналық көрсетілімдер бойынша, оның ішінде ақпараттық-телекоммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, тексеріп-қарауын, консультациясын;

2) диагностикалық  қызметтер, оның ішінде медициналық көрсетілімдер бойынша зертханалық диагностиканы;

3) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды пайдалана отырып, медициналық манипуляциялар, ем-шаралар және хирургиялық операциялар жүргізу арқылы емдеуге жатқызуға себеп болған негізгі ауруды емдеу, оның ішінде гемодиализді және перитонеалдық диализді;

4) қанды, оның компоненттерін  дайындау, өңдеу, сақтау, өткізу  номенклатурасына және уәкілетті орган бекіткен қанды, оның компоненттері мен препараттарын сақтау, құю тәртібіне сәйкес қанмен және оның компоненттерімен қамтамасыз етуді;

5) уәкілетті орган бекіткен тәртіппен жоғары технологиялық медициналық қызметтерді қолдануды;

6) медициналық оңалтуды ұйымдастыру стандартына сәйкес медициналық оңалтуды;

7)  уәкілетті орган бекіткен тәртіппен жүргізілетін еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптаманы;

8) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тамақтанудың заттай нормаларына сәйкес емдік тамақтануды;

9) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен санитариялық-эпидемиологиялық, өртке қарсы талаптарға, жабдықтаудың ең төменгі жұмсақ мүкәммалмен нормаларына сәйкес пациентке емдеуге жатқызуға берілген түгел кезеңінде стационар палатасында қосымша сервистік қызметтерді (теледидар, тоңазытқыш, телефон байланысы, тапсырыс бойынша тағам, медициналық көрсетілімдер бойынша анықталған жағдайларды қоспағанда, палатада жалғыз жатқызу) ұсынусыз төсек-орын беруді;

10) үш жасқа дейінгі, сондай-ақ дәрігерлердің қорытындысы бойынша қосымша күтіп-бағуға мұқтаж ересек, науқасы ауыр балаларды күтіп-бағуды тікелей жүзеге асыратын анасына (әкесіне) немесе өзге адамға еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ бере отырып, онымен медициналық ұйымда бірге болу мүмкіндігін жасауды;

11) балалар стационарлық медициналық ұйымдарында ойнау, демалу және тәрбие жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасауды;

12) бір жасқа дейінгі баланы емізетін анаға баланы күтіп-бағу үшін медициналық ұйымда баланы күтіп бағу үшін болған барлық кезеңде тегін тамақпен қамтамасыз етуді;

13) уәкілетті орган бекіткен тәртіппен паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім көрсетуді;

14) патологоанатомиялық диагностиканы (операциялық және биопсиялық материалдарды гистологиялық зерттеу, цитологиялық зерттеулер, патологоанатомиялық ашып қарау) қамтиды.

3. Стационарды алмастыратын көмекті клиникалық хаттамаларға сәйкес күндізгі стационарларда, амбулаториялық–емханалық көмек, стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілері, үйдегі стационарларда амбулаториялық–емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілері көрсетеді.

4. Стационарды алмастыратын көмек:

1) бейінді мамандардың тексеріп-қарауын, консультациясын;

2) диагностикалық қызметтерді, оның ішінде зертханалық және патологоанатомиялық диагностиканы (операциялық және биопсиялық материалдарды гистологиялық зерттеулер, цитологиялық зерттеулер);

3) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды пайдалана отырып, медициналық манипуляциялар, ем-шаралар және хирургиялық операциялар жасау арқылы стационарды алмастыратын терапияға себеп болатын  негізгі ауруды емдеуді;

4) гемодиализ және перитонеалдық диализ жүргізуді;

5) химио- және сәулелі терапия жүргізуді;

6) медициналық оңалтуды ұйымдастыру стандартына сәйкес медициналық оңалтуды;

7) жіті жағдайлар және созылмалы аурулар өршіген кезде қимыл қозғалысы шектелген науқастарға үйінде стационар ұйымдастыруды;

8) қанды, оның компоненттерін дайындау, өңдеу, сақтау, өткізу  номенклатурасына және уәкілетті орган бекіткен қанды, оның компоненттері мен препараттарын сақтау, құю тәртібіне сәйкес қанмен және оның компоненттерімен қамтамасыз етуді;

9) уәкілетті орган бекіткен тәртіппен жүргізілетін еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптаманы қамтиды.

5. Емнің ұзақтығы пациент түскен сәттен бастап:

1) гемодиализде, перитонеалдық гемодиализде химиялық және сәулелік терапияда, бағдарламалық терапияда, медициналық оңалту мен қалпына келтіру еміндегі пациенттерді қоспағанда, күндізгі стационарда сегіз жұмыс күнінен аспайтын;

2) үйдегі стационарда кемінде үш жұмыс күнін және жіті аурулар кезінде бес жұмыс күнінен, созылмалы аурулар асқынған кезде сегіз  жұмыс күнінен аспайтын мерзімді құрайды.

Жағдайы жақсарған кезде және стационарды алмастыратын көмекті талап етпейтін терапияны жалғастыру қажет болған жағдайда, пациент амбулаториялық емделуге жіберіледі.

6. Стационарды алмастыратын көмек көрсету кезінде тамақтандыру көзделмеген.

7. Жедел медициналық көмек уәкілетті орган бекіткен  тәртіппен тәулік бойы көрсетіледі, және ол  мыналарды:

1) шұғыл көрсетілімдер бойынша медициналық көмек көрсетуді;

2) шұғыл көрсетілімдер бойынша пациенттерді медициналық ұйымдарға жеткізуді;

3) қызмет көрсететін аумақтың шегінде  кейіннен транспланттау үшін қажет болған кезде ағзаларды (ағзалардың бөлігін) тасымалдауды қамтиды.

8. Санитариялық авиация мыналарды:

1) пациенттің тұрған жері бойынша  медициналық ұйымда медициналық жабдықтың және (немесе) тиісті білікті мамандардың болмауына байланысты медициналық көмек көрсету мүмкін болмаған кезде халыққа шұғыл медициналық көмек көрсетуді;

2) әуе көлігімен білікті мамандарды межелі жерге жеткізуді немесе  науқасты, сондай-ақ кейіннен транспланттау үшін ағзаларды (ағзалардың бөлігін) тиісті медициналық ұйымға тасымалдауды қамтиды.

9. Қазақстан Республикасының азаматтарын шет елдерде емдеу көрсетілімдері бар болған кезде және уәкілетті орган бекіткен тәртіппен көрсетіледі.

10. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету:

1) жедел, стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсету кезінде денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярына сәйкес;

2) амбулаториялық-емханалық көмек көрсету кезінде - уәкілетті орган бекітетін белгілі аурулары (жағдайлары бар) азаматтардың жекелеген санаттарын амбулаториялық деңгейде дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен, тегін және (немесе) жеңілдікпен арнайы емдік өніммен  қамтамасыз ету тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.