Template created by Joomla 1.6 templates and the best poker webpages: party poker bonus code and best poker sites.

Жүкті әйелдерге арналған боди-арт

Басып шығару

Жүкті әйелдерге арналған боди-арт – болашақ аналар мен әкелерге көңіл көтерудің жаңа және өте қызық түрі. Сурет салынған жүкті әйелдің қарны жағымды ойлар мен эмоцияларды еске түсіріп, сіздің көңіліңізді көтереді және қуантады.

Жүктілік – әрбір әйелдің өміріндегі ең ұмытылмас және ертегіге ұқсас кезең. Сол кезеңнің өмір бойы есте сақталғанын қалар едім! Осы «қызық» жағдайдағы өзін есте сақтап қалу үшін болашақ анаға көптеген ойлар келеді қиялдайды, себебі осы кезеңде ол өте әдемі.

«Қарныма сурет салайын да және оны фотоға түсірейін». Бұлтаза, қатпарсыз және дөңессіз кенептегі (оның рөлін іші орындайды) сурет. Тек қиял болса болғаны, құрсақты қарынтаңғажайып суретке айналады,  кішкентай сиқыршы іштен тепкілеп, оған жан бітіреді.

Егер де сіз осындай фотосессияға даяр болсаңыз, алдыңызда тұратын бірінші сұрақ: ал не салуға болады? Боди-арттың бейнелеріне арналған идеялар өте көп. Жүкті әйелдердің көңіл күйіне табиғаттың суреттері жақсы әсер етеді. Аутотренингпен айналысуға да болады. Егер де жүктілік кезінде артық салмақ қоссаңыз, өзіңді жеңіл және қаңбақтай сезіну үшін бұлт немесе бақбақ гүлін салыңыз.

Суретті салу үдерісі өте жағымды. Бұл өзгеше релаксация. Ана ерекше массаж алғандай әсерде болады. Көздерін жұмып, барлық проблемалар мен қорқыныш-үрейді ұмытып, көңілді сәбимен тілдесуге аудару керек. Айтқандай, құрсақтағы кішкентай тұрғын да боди-арттан сүйсініп, рахаттанады. Сіздің денеңіз барлық ойларыңызды, қиялдарыңыз бен армандарыңызды қабылдауға қабылетті. Сондықтан, қарныңызға өзіңізді қуантатын, көңіліңізді көтеретін және бұрыннан салуды армандаған суретті салыңыз. Егер сіз жалғыз қалып, тағиғатқа жақын болғыңыз келсе, қарныңызға «сәбиге арналған үйді», ағаш, шөп, көл және ауылдағы үйді салыңыз.

Шығармашылығыңызға міндетті түрде күйеуіңізді тартыңыз. Бірлесіп сурет салу ерлі-зайыптыларды бір-бірімен және ата-ананы сәбиге жақындата түседі.

Суретті қарынға салу барысында құрсақтағы балаға егжейлі-тегжейлі не істеп жатқаныңыз туралы айтыңыз. Ол әрине сізді естиді және тыныш қуанады. Және оған дүниенің есігін ашып, ол біршама өскеннен кейін  күнде  жауһар туындыларды бірге салатындарыңа уәде беріңіз. Ал суреттердің тақырыбын өмірдің өзі айтады.

Бұл ерекше боди-арт терапия мен фотосессия болашақ аналарға жақсы көңіл-күй силайды және келешекте ұнамды да жағымды естелік болып қалады. Әсіресе, мұндай суреттерді біршама өскен балаңмен қараған жөн. Ол әринекөңілді «үйді» де, сүйікті анасының креативті тәсілін де дұрыс бағалайды.

Осындай боди-арт терапия мен фотосессияны сіз ешқашан ұмытпайсыз. Ал қолмен салынып, фотоға түсірілген әдемі, тартымды, ерекше бейнелер сіздің жұбайлық өміріңіздің ең бақытты сәттерін еске салатын болады.

 

 

 

227 кабинетте жазылу. 

Тел: 8701-430-34-74 

Психолог Токсанова Галия Шайхадиновна