Template created by Joomla 1.6 templates and the best poker webpages: party poker bonus code and best poker sites.

МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМ ТУРАЛЫ

Басып шығару

Біздің сайтқа кіргеніңізге қуаныштымыз! Сізді мұнда өзіңізге қажет ақпаратты табады деп ойлаймыз!

Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір азаматқа өз денсаулығын қорғауға және емдеу мекемесінде медициналық көмек алу құқығына кепілдік береді. Денсаулық сақтау жүйесінің негізгі мақсаты – халыққа уақытылы, тиімді және қол жетерлік медициналық көмек көрсету.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) анықтамасы бойынша бастапқы медициналық санитариялық көмек (БМСК) әрбір азаматқа медициналық көмектің негізгі қол жетерлік түрі мен ғылыми тұрғыдан негізді және әлеуметтік тиімді әдістер арқылы көрсету болып табылады.  ДДҰ БМСК-ні халық денсаулығын қамтамасыз етуде маңызды бір бөлігі ретінде қарайды.

1
2
6
14

Астана қаласы әкімдігінің № 9 қалалық емханасы қаланың орталық бөлігінде орналасқан, тіркелген тұрғындардың жалпы саны 68 мың адамнан жоғары.

        Емхана құрамында 10 бөлімше бар:

  • профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесі
  • мамандандырылған бөлімше
  • эндоскопия және сәулелік диагностика бөлімшесі
  • хирургия бөлімшесі
  • акушерия-гинекология бөлімшесі
  • педиатрия бөлімшесі
  • №1 ЖТД, №2 ЖТД бөлімшесі
  • күндізгі стационар
  • ақылы бөлімше

Бөлімшелер заманауи емдік-диагностикалық жабдықпен жарақтандырылған, білікті мамандармен толықтырылған, пациенттерді 20 мамандық бойынша қабылдайды.

Диагностикалық базаның, біздің қызметкерлердің бірегей тәжірибесі мен білімінің үйлесімі пациенттердің ең жоғары талаптарын қанағаттандырады.

Біздің қызметіміз Қазақстан денсаулық сақтау ісінің ең үздік дәстүрлері және дүниежүзілік медицина ғылымы мен тәжірибесінің алдыңғы жетістіктерін, корпоративтік мәдениет пен этикамен бірге үйлестікте сақтауға негізделген.


Вакцинация сұрақтарының қауырт желі:8-8000-700-830

Қымбатты достар! 

2018 ж. қаңтардың 1-шы жұлдызынан бастап Қазақстан Республикасында медицина қызметкерлері және ата-аналарға ВАКЦИНАЦИЯЛАУ сұрақтарына жауап және кеңес беру мақсатында «қауырт желі» жүмыс істейді. 

Сіздер 8-8000-700-830 нөміріне кез келген ұялы операторлар немесе үй телефон нөмірлерінен ақысыз, тәуліктің 08.00-ден 20.00 сағ дейін қоңырау соғып, жоғарғы санатты аллерголог, педиатр, невролог және эпидемиолог мамандарынан ВАКЦИНАЦИЯЛАУ мәселелері бойынша сұрақ қойып, жауап және кеңес алу мүмкіншілігіңіз бар.

Көрсетілген уақыттан тыс түскен қоңырауларға біздің мамандарымыз міндетті түрде қысқа уақытта өздері хабарласады. 

Ақпараттар үшін телефон: 8-8000-700 830 (қоңырау тегін).


Соңғы жаңалықтар