Template created by Joomla 1.6 templates and the best poker webpages: party poker bonus code and best poker sites.

Бос орыны лауазымына конкурс жариялайды

Басып шығару

«Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11, анықтама телефоны: 8 (7172) 557486, b.almatova@astana.kz Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «№ 9 Қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бас дәрігері бос орыны лауазымына конкурс жариялайды.

Кәсіпорынның орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, Мәнгілік ел даңғылы, 16/1 үй, жұмыс телефоны: 55-43-62.

Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: пациенттерге жіті және созылмалы аурулар, жарақат, улану немесе басқа шұғыл жағдайлар кезінде дәрігерлерге дейінгі, білікті және мамандандырылған медициналық көмек көрсету; шұғыл медициналық, оның ішінде үйде көмек көрсету; созылмалы ауру нысандары бар адамдары бар адамдарды динамикалық бақылау; ауруларды ерте айқындау мақсатында пациенттерді тексеріп-қарау; пациенттерді стационарларға емдеуге жатқызуға жіберуді және медициналық оңалтуға, сондай-ақ санаториялық шипажайға емдеуге іріктеу.

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «Денсаулық сақтауды ұйымдастыру» («Қоғамдық денсаулық сақтау», «Денсаулық сақтау менеджменті») мамандығы бойынша бірінші (жоғары) біліктілік санатының болуы немесе «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Денсаулық сақтау менеджменті», «Менеджмент» немесе «Медицина» (2011 жылға дейін ғылыми-педагогикалық магистратурада оқуын аяқтаған тұлғалар үшін) мамандығы бойынша магистратураның және денсаулық сақтауды мемлекеттік басқару органдарында кемінде 3 жыл немесе денсаулық сақтау ұйымдарының басшылық лауазымдарында кемінде 5 жыл еңбек өтілінің болуы; немесе жоғары экономикалық білімнің «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Денсаулық сақтау менеджменті», «Менеджмент» немесе «Медицина» (2011 жылға дейін ғылыми-педагогикалық магистратурада оқуын аяқтаған тұлғалар үшін) мамандығы бойынша магистратураның болуы және денсаулық сақтауды мемлекеттік басқару органдарында кемінде 3 жыл немесе денсаулық сақтау ұйымдарының басшылық лауазымдарында кемінде 5 жыл еңбек өтілінің болуы.

Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексін, Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңдарын, денсаулық сақтау мәселелеріне арналған нормативтік құқықтық актілерді, халық денсаулығы жағдайының статистикасын, халық денсаулығының жағдайын сипаттайтын өлшемдер мен көрсеткіштерді, медициналық қызметтер нарығының конъюнктурасын, отандық және шетелдік медицинаның ғылыми жетістіктерін, денсаулық сақтауды басқару жүйесі мен денсаулық сақтауды ұйымдастырудың теориялық негіздерін, халық үшін санитариялық ағартуды, гигиеналық тәрбиелеуді және салауатты өмір салтын насихаттауды ұйымдастыруды, адамның өмір сүру ортасының факторларын, денсаулық сақтау ұйымдарының жоспарлық-экономикалық және қаржылық қызметтерінің негіздерін, қызметкерлердің еңбекақысын төлеу жүйесінің негіздерін, еңбек заңнамасы, еңбекті қорғаудың, қауіпсіздік техникасының, өндірістік санитарияның және өрт қауіпсіздігінің ережелері мен нормаларын.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: конкурсқа қатысу туралы өтініш; мемлекеттік және орыс тіліндегі түйіндеме; өз еркімен толтырылған өмірбаян; білімі туралы құжаттардың көшірмесі; еңбек қызметін растайтын құжаттардың (болған жағдайда) немесе еңбек келісім-шартының, не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылдау және жұмыстан босату туралы бұйрықтардың көшірмесі; үлгі бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама, соттылығының жоқтығы туралы анықтама, 3х4 сурет (2 дана).

Құжаттарды қабылдау күні және конкурсқа қатысу туралы өтініштерді өткізу мерзімі: құжаттар мемлекеттік органның және мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның интернет желісінде басылып шыққаннан кейін күнтізбелік 15 күн ішінде қабылданады.

Конкурс өткізу мерзімі: құжаттарды қабылдау мерзімі өткеннен кейін 3 жұмыс күн ішінде. Хабарлама телефон арқылы қатысушылардың ұялы телефондары және электрондық адрестеріне жолдау тәсілдерімен жүзеге асырылады.

Конкурс өткізу орны: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11 үй, 4 қабат, Астана қаласы әкімдігінің ғимараты.