Template created by Joomla 1.6 templates and the best poker webpages: party poker bonus code and best poker sites.

2018 жылғы 25-26 қазан аралығында медициналық - санитариялық алғашқы көмек көрсету бойынша жаһандық конференция болып өтті

Басып шығару

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің бастамасымен 2018 жылғы 25-26 қазан аралығында еліміздің тарихында елеулі оқиға, атап айтқанда, медициналық- санитариялық алғашқы көмек көрсету бойынша жаһандық конференция болып өтті. Аталған конференцияға жер- жаһаннан жиналған 2000-ға жуық Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары, дәрігерлер, сонымен қатар әлемдік аты бар баспасөз саласының қызметкерлері қатысты. Астана қаласы әкімдігінің, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен конференцияға 60-қа жуық делегат ШЖҚ «№9 қалалық емхана» МКК-ге келіп, медициналық- санитариялық алғашқы көмек көрсету жұмыстарымен танысты.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігі, Астана қаласының әкімдігі және Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының делегаттарға медициналық- санитариялық алғашқы көмек көрсету бойынша біздің емхананы ұсынуы - емхана қызметкерлеріне үлкен сенім артқаны деп білеміз. Мұхит асып, шет елдерінен келген қонақтар отанымызда көрсетіліп жатқан медициналық көмекке өздерінің оң бағасын берді.

Тұрғылықты жері  және аумағы бойынша тіркелген азаматтардың конференцияның біздің емханада өтуіне түсіністікпен қарағандарына айтар алғысымыз шексіз.

Мұндай конференцияның өтуі әлемдік аренада еліміздің мәртебесін одан да жоғары көтеріп, көк туымыздың одан да биік желбіреуіне өз септігін тигізері анық. Конференцияның өтуіне бар күш-жігерін қосқан емхана қызметкерлерінің де алар тәжірибесі ерекше.

  • DSC08279
  • DSC08382
  • DSC08388
  • DSC08440
  • DSC08471
  • DSC08504
  • DSC08553
  • DSC08555
  • DSC08654
  • DSC08676
  • DSC08689
  • DSC08707