Template created by Joomla 1.6 templates and the best poker webpages: party poker bonus code and best poker sites.

БОС ОРЫНДАР

Басып шығару

Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «№ 9 қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны №1 қосымшаға сәйкес бос орындарға орналасу конкурсының басталғаны туралы хабарлайды.

№ 9 қалалық емхананың орналасқан жері: Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел, даңғылы, 16/1. Ресми сайты - 9emhana.kz. Тел. 8/7172/98-39-02, 554362. Электрондық пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. .

Конкурс басталады – 2018 ж. 31 қазан.

Конкурс аяқталады – 2018 ж.13 қараша  (14 күн).

Конкурс өтетін жер - Астана қ., Мәңгілік Ел, даңғылы, 16/1, № 423 каб.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысының 2009 жылғы 26 қарашадағы № 791 бұйрығына сәйкес бос орындарға орналасуға арналған конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар.

Конкурсқа қатысуға арналған қажет құжаттар тізбесі:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш (еркін нысанда);

2) түйіндеме ( мемлекеттік тілде немесе орыс тілінде);

3) үміткердің жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі;

4) жоғары/орта-кәсіптік білімі туралы құжаттың көшірмесі;

5) маман сертификатының көшірмесі (клиникалық практикаға рұқсатнама);

6) еңбек кітапшасының көшірмесі (болған жағдайда);

7) сотталмағандығын және сыбайлас құқық бұзушылықтың жоқтығын растайтын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшелері берген құжаттар;

8) мекенжай туралы анықтама;

9) Астана қаласы ауданының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасында әскери есепке алынғандығы туралы белгісі бар әскери билеттің немесе тіркелу куәлігінің көшірмесі.

10) Жұмыспен қамту орталығының жолдамасы

Конкурске қатысушы білімі, жұмыс тәжірибесі, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежесі мен атағы туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, бұрынғы жұмыс орнындағы басшының мінездемесі) беруіне болады. 

№ 1 қосымша

Жалпы тәжірибе дәрігері

5

Педиатр дәрігер (фильтр, МдМБ)

3

Сарапшы дәрігер

1

Акушер

1

Мейіргер (ЖТД, ММДБ, педиатрия, хирургия, күндізгі стационар, мамандандырылған)

30

Отоларинголог дәрігер ( ересек)

1

Отоларинголог дәрігер (балалар)

2

Зертханашы

1

Травматолог-ортопед дәрігер (балалар)

1

Травматолог дәрігер (ересек)

1

Хирург дәрігері (балалар)

1

Тазалықшы, еден жуушы

2

Жүргізуші

3

Фельдшер

4

Невропатолог дәрігер (балалар)

2