Құрметті пациенттер!

Сыртқы жарықтандыру кабелін төсеу бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты автокөліктерге емхана аумағына кіруіне уақытша тыйым салынады.

Емханаға баруды жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде жоспарлаған жағдайда осы ақпаратты ескеруіңізді сұраймыз.

Сұрақтар туындаған жағдайда пациенттерді қолдау қызметіне №101 кабинетке немесе +7 708 425 03 98, 8 (7172) 55-43-61 телефондары арқылы хабарласуыңызды сұраймыз.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністікпен қарағаныңыз үшін алғыс айтамыз.

Емхана әкімшілігі