Біз МӘМС жүйесінде өзін әлі сақтандырмағандар немесе осыған байланысты проблемалары бар тұлғалар үшін жақсы жаңалықты жариялауға асығамыз.

Біз МӘМС жүйесінде өзін әлі сақтандырмағандар немесе осыған байланысты проблемалары бар тұлғалар үшін жақсы жаңалықты жариялауға асығамыз.

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңның жаңартылуына сәйкес енді МӘМС жүйесіне қатысу үшін Сіз жарнаны 12 ай бұрын төлеп, жыл бойы медициналық көмекке қол жеткізе аласыз. Яғни, енді берешек мерзімі үшін жарна төлеу қажет емес.

Өзгерістер енгізілгенге дейін, егер дербес төлеушінің МӘМС төлеуге қарызы болса (және тұлға МӘМС бойынша медициналық көмек алу құқығынан айырылған болса), ол 12 айдан аспайтын мерзімде берешекті өтеуі керек еді. Енді келесі жылға бірден жарна төлеу арқылы қарызды өтеу түріндегі балама болады.

Сіз сақтандыру мәртебеңізді тексере аласыз:

  • www.fms.kz сайтында;
  • емханамыздың пациенттерді қолдау қызметі: 8 (7172) 55 43 61, 8 708 425 03 98;
  • “Qoldau 24/7” мобильді қосымшасы;
  • Egov порталы (электрондық үкімет).