Жеңіл босануға қалай дайындалу керек?

Жеңіл босануға қалай дайындалу керек? Баланы көтеру және туу процесі - табиғаттағы ең қиын процестердің бірі, сондықтан болашақ ананың бұл табиғи процеске физикалық және психологиялық тұрғыдан дайын болуы маңызды. Біздің емхана негізінде «Жас ана мектебі» атты босануға дайындық курстары жұмыс істейді, онда біздің тәжірибелі мамандар алдағы босануға қатысты барлық қорқыныш пен аңыздарды жоққа шығарады. Психологиялық тұрғыдан босануға дайындық, ең алдымен, алда болатын оқиға туралы хабардар болуды білдіреді. Мамандар босану барысы мен кезеңдері туралы, кейбір жағдайларда болатын хирургиялық араласу - кесарь тілігі туралы айтады. Сондай-ақ, босану кезіндегі серіктестің рөлі, жаңа туған нәрестеге күтім жасау ережелері, емшек сүті және т.б. туралы айтады. Курстарды біздің білікті мамандарымыз: акушер-гинеколог, психолог, баланы дамыту кабинетінің маманы жүргізеді. Сабақтар теориялық және практикалық бөлімдерге бөлінеді. Оқу барысында мамандар болашақ ананың жүктілік кезінде өзін жайлы сезінуі және босану сәтіне саналы түрде қарауы үшін білуі қажет барлық ерекшеліктер туралы айтады. Жүкті әйелдерді босануға дұрыс дайындау туу процесін айтарлықтай жеңілдетеді және одан кейінгі қалпына келу кезеңін қысқартады. Сабақ кестесі: Акушер-гинеколог: сәрсенбі, жұма - 15:00 - 18:00 - 240 каб Психолог: дүйсенбі - жұма - 08:00 - 16:00 - 240 каб Баланы дамыту кабинеті: дүйсенбі - жұма - 08:00 - 18:00 - 238 каб