Қандай ауруларды ерте анықтау үшін скрининг жүргізіледі және қандай жас топтары үшін?

Қандай ауруларды ерте анықтау үшін скрининг жүргізіледі және қандай жас топтары үшін?

  Скрининг - бұл белгілі бір жастағы немесе санаттағы сау адамдарға қауіп факторлары мен ауруларды ерте анықтау үшін профилактикалық медициналық тексеру    

 Белгілі бір аурулар бойынша және белгілі бір жас топтары үшін скринингтер жүргізіледі ️
Аурулар:
 Мінез-құлық қауіп факторлары (30-70 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер)
 Артериялық гипертония, жүректің ишемиялық ауруы, қант диабеті (40 пен 70 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер)
 Глаукома (40 пен 70 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер)
 Жатыр мойны обыры (30 мен 70 жас аралығындағы және одан жоғары жастағы әйелдер)
 Сүт безі қатерлі ісігі (40 пен 70 жас аралығындағы және одан жоғары жастағы әйелдер)
 Колоректальды қатерлі ісік (50-70 жас аралығындағы және одан жоғары жастағы ерлер мен әйелдер)
 В және С вирустық гепатиттері (медицина қызметкерлері, жүкті әйелдер және т. б.)

 Ауыл тұрғындары үшін келесі аурулар бойынша қосымша скрининг жүргізіледі

 Мінез-құлық қауіп факторлары (18 бен 29 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер)
 Артериялық гипертония, жүректің ишемиялық ауруы, қант диабеті, глаукома (18 бен 39 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер)
 Асқазан-ішек жолдары және созылмалы бүйрек аурулары (18-70 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер)
 Тыныс алу органдарының туберкулезі (50-70 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер)
 Қуықасты безінің қатерлі ісігі (55 пен 70 жас аралығындағы және одан жоғары жастағы ер адамдар)

 Скринингтен өту үшін Сіз тіркелген жеріңіз бойынша емханаға баруыңыз керек
 Бұл үшін әрбір емханада скрининг кабинеттері бар
 Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болуы керек