2024 жылғы 3 мамырда емханада «Ашық есік күні» өткізіледі

ҚҰРМЕТТІ ПАЦИЕНТТЕР!

3 мамырда емханада Дүниежүзілік бронх демікпесімен күресу күні және оған орайластырылған онкүндік (2024 жылғы 2 мамырдан 11 мамырға дейін) шеңберінде «Ашық есік күні» өткізіледі.

Бронх демікпесі бар диспансерлік есепте тұрған пациенттерімізді Б блогына, 1-қабаттың холлына шақырамыз. Өткізу уақыты: 2024 жылғы 3 мамыр сағат 09 - дан 13.00-ге дейін.

Ашық есік күні аясында Сіз демікпені бақылау деңгейін анықтап, пульмонологтан кеңес және барлық сұрақтарыңызға жауап ала аласыз.

Әкімшілік