Астана қаласы әкімдігінің «№ 9 қалалық емхана» ШЖҚ МКК қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша қоғамдық талқылауды бастау туралы

Астана қаласы әкімдігінің "№ 9 қалалық емхана" ШЖҚ МКК (бұдан әрі – кәсіпорын) кәсіпорын қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша қоғамдық талқылаудың басталғандығын хабарлайды. Қоғамдық талдау шеңберінде келесі бағыттар бойынша мәселелердің нәтижелерін қарастыру жоспарлануда:
1) кәсіпорынның қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) кәсіпорынның ұйымдық-басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Егер сізде кәсіпорынның қызметіне қатысты ұсыныстар, шағымдар немесе басқа да ақпарат болса astana-nazar@mail.ru электрондық поштасына немесе 87079740485 телефонына хабарласуыңызды сұраймыз.