Астана қаласы ТЖД «Есіл» ауданының ТЖ басқармасы Сізге көп адам жиналатын орындарда өрт болған кездегі тәртіп ережелері туралы хабарлайды

Астана қаласы ТЖД «Есіл» ауданының ТЖ басқармасы Сізге көп адам жиналатын орындарда өрт болған кездегі тәртіп ережелері туралы хабарлайды. Егер Сіз көп адам жиналған жерде болған кезіңде өрт болса, не істеу керек?

  1. Көп адам жиналған кез келген бейтаныс қоғамдық орынға кіргенде, өз жолыңызды есте сақтауға тырысыңыз, негізгі және қосалқы шығулардың орналасуына назар аударыңыз. Мұны әдетке айналдырыңыз. Мамандар шығу орындары мен оларға баратын жолдарды есте сақтауға кеңес береді, өйткені ең жақын шығаберістің қай жерде екенін білетіндердің аман қалу мүмкіндігі жоғары.
  2. Әдетте, эвакуациялық шығу белгілері тиісті өрт қауіпсіздігі белгілерімен белгіленуі тиіс. Эвакуациялау мақсатында өрт қауіпсіздігі белгілері ақ таңбалары бар жасыл түсті тікбұрышты немесе төртбұрышты пішін болады.
  3. Егер Сіз «Өрт! Жанып жатырмыз!» деген айқайды естісеңіз немесе өзіңіз түтіннің иісін сезсеңіз, жалынды көрсеңіз, тыныштық пен шыдамдылықты сақтауға тырысыңыз. Жағдайды бағалаңыз, нақты қауіптің бар екеніне көз жеткізіңіз, оның қайдан келетінін анықтаңыз.
  4. Бөлме түтінге тола бастаса немесе жарық болмаған кезде, қабырғаларды, тұтқаларды және т.б. ұстап, шығуға тырысыңыз. Орамал немесе киімнің жеңі арқылы дем алыңыз.
  5. Егер көпшілікке шығуға тура келсе, ешбір жағдайда көпке қарсы жүрмеңіз. Егер көпшілік сізді сүйреп әкетсе, топтың ортасы мен шетінен – қауіпті қабырға, қоршау, витрина, тор, жағалаудан аулақ болуға тырысыңыз.
  6. Жолдағы барлық қозғалмайтын нәрселерден – тіректер, шкафтар, қабырғалар, ағаштардан аулақ болыңыз, әйтпесе сізді басып немесе жаншып қалуы мүмкін. Қолыңызбен ештеңеге жабыспаңыз, сындырып алуыңыз мүмкін. Мүмкіндік болса, түймелеріңізді салып алыңыз. Биік өкшелі аяқ киім немесе оның шешілген баулары сіздің өміріңізге қауіп төндіруі мүмкін. Сөмкені, қолшатырды және т.б. тастаңыз. Егер бір затыңыз түсіп кетсе, оны көтеруге тырыспаңыз.
  7. Қолдарды денеге қыспау керек, оларды шынтақта бүгіп, жұдырықтарды жоғары қарату керек, сонда қолдар кеуде қуысын қорғай алады. Диафрагманы қорғау үшін алақандарыңызды кеуде алдында құлыпша біріктіруге болады. Арт жақтан итергендердің соққысын шынтаққа алып, диафрагманы қолдың кернеуімен қорғау керек. Аяғыңызды тіреп, денеңізді артқа шалқайтыңыз, алдыңызда бос орын қалдырып, баяу қозғалу арқылы арқаңызбен қысымды ұстап тұруға тырысыңыз.
  8. Көпшілікпен болғанда басты міндет - құлап қалмау. Егер сіз құлап қалсаңыз, басыңызды қолыңызбен қорғап, дереу тұруыңыз керек, бұл өте қиын болуы мүмкін. Тізеңізге тұруға тырысыңыз және еденге қолыңызбен сүйеніп, екінші аяғыңызбен күрт итеріңіз, денеңізді жұлқып түзетіңіз. Егер көтеріле алмасаңыз, сіз эмбрионның позасын қабылдауыңыз керек - бүгіліп, иегіңізді кеудеге, тізеңізді басыңызға басыңыз, басыңызды қолыңызбен жауып, адам легінің басылуын күтіңіз.
  9. Балаларды иығынан ұстап, алдыңызда ұстаңыз. Немесе оларды иығыңызға отырғызыңыз.
  10. Егер сіз көпқабатты ғимаратта болсаңыз, лифттерді қолдануға тырыспаңыз, баспалдақпен төмен түсіңіз; үлкен биіктіктен терезеден секіруге ұмтылмаңыз. Егер сыртқа шығу мүмкін болмаса, отпен оралмаған бөлмелерге шегініп, өрт сөндірушілердің көмегін күтіңіз. Өзіңізге және жақындарыңызға қамқорлық жасаңыз.