Аутизм - бұл ҮКІМ емес!

АУТИЗМ: Назар аударыңыз, егер Сіздің балаңыз бір жастан асқанда: Кез келген әлеуметтік немесе коммуникативтік дағдыларды жоғалтса; Сіз оған бір нәрсені көрсеткенде қарамаса; Басқа адамдардың әрекеттеріне еліктемесе; Басқа балалармен ойнамаса; Гиперактив немесе тым пассив болса; 2 жасында сөйлемесе; Қауіпті түсінбесе; Көбінесе өзіне айтылған сөзді естімейтін сияқты әрекет етсе.

Біздің емханада Сіз учаскелік дәрігерде де, баланың даму кабинетінде де НПД даму бағалауынан өте аласыз. Қажет болған жағдайда М-чат тесті өткізіледі, оның нәтижелері бойынша балада аутизм даму қаупі бар-жоғы анықталады.