Басқа ел өкілдерімен тәжірибе алмасу, жұмыс барысын көрсетіп таныстыру біздің қызметте жиі кездеседі. Осы жолы құрметпенен Беларусь мемлекетінен келген қонақтарымызға емхана ұстанып отырған жұмыс жүйесін көрсеттік.
🙌🏼 Шет елінің өкілдерін біз жұмыс жасап жатқан ақпараттық жүйелер қызықтырды, пациенттің бағыт-бағдары (маршрут пациента) қалай ұйымдастырылды, пациенттерге жолдама беру мен ауруханаға жатқызу үшін жүйеге тіркеу сынды жұмыстар көңілдерінен шықты. Сондай-ақ тіркеу бөлімінің жұмысы, пациенттер ағымын ұйымдастыру, учаскілік қызметінің жұмысына баса назар аударды.