Кәсіби бейімделу және тәлімгерлік орталығы

Мақсаты — медицина қызметкерлерінің кәсіби дамуына жүйелі көзқарас қалыптастыру, бұл халыққа қызмет көрсету сапасын арттыруға және жас мамандарды денсаулық сақтау жүйесінде ұзақ мерзімді сақтап қалуға мүмкіндік береді.

Орталықтың негізгі мақсаты – дәрігерлерді, орта және кіші медицина қызметкерлерін кәсіби бейімдеу және тәлімгерлік жүйесін ұйымдастыру арқылы олардың біліктілігін, кәсіби құзыреттілігін және медициналық қызметтердің сапасын арттыру.

Жаңа орталық еңбек өтілі 0-ден 3 жылға дейінгі медицина қызметкерлеріне арналған және олардың бейімделу және кәсіби даму кезеңдерінде тәжірибелі тәлімгерлердің сүйемелдеуімен жүзеге асады.

Қойылған мақсатты жүзеге асыру үшін келесі бағыттарда жұмыс жүргізіледі:

1) бейімделу;

2) тәлімгерлік;

3) кәсіби дағдыларды дамыту;

4) психологиялық қолдау.

Негізгі деректер:

Орталық Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 220-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес жұмыс істейді. Тәлімгерлер – үлкен еңбек өтілі мен мол тәжірибесі бар білікті мамандарымыз. Тәлімгерлік жүйесін енгізу медицина қызметкерлерінің теориялық және практикалық білімдерін арттыруға ықпал етеді деп сенеміз.