Электрондық денсаулық паспорты, «Е-денсаулық», мобайл Егов-тың барлық мүмкіндіктері

Электрондық денсаулық паспорты

Жобаның мақсаты: пациенттің денсаулық жағдайы туралы толық ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету: анамнез, созылмалы аурулар, аллергия, қабылданатын дәрілік заттар. Медициналық ұйым пайдаланатын көмек көрсету орны мен ақпараттық жүйесіне қарамастан, адам денсаулығы туралы барлық негізгі мәліметтер бір бірыңғай базада жиналатын болады.

Жобаның артықшылықтары:

• электрондық денсаулық паспорты қашықтан қолжетімді және барлық деректердің сақталуын қамтамасыз етеді. Пациенттер енді дәрігерлерге ауру тарихын айтып, көптеген құжаттарды алып жүрудің қажеті жоқ;

• дәрігерлер мен пациенттерге ыңғайлы болумен қатар, жүйе ауруханалардағы қағаз айналымын азайтуға және қағаз шығындарын айтарлықтай азайтуға көмектеседі. Денсаулық паспортынан бүгінгі күнге дейін электрондық форматта алуға болатын негізгі деректер:

• Жалпы ақпарат;

• Өмір бойы бас тартуды немесе қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа келісімді тіркеу мәртебесі;

• Вакциналау;

• Клиникалық-диагностикалық қызметтердің нәтижелері;

• Жеке медициналық кітапша;

• Диспансерлік есеп;

• Жазылған және қамтамасыз етілген рецепттер тізімі;

• Жоспарлы және шұғыл ауруханаға жатқызу;

• Стационарда емделген жағдайлар;

• Медициналық ұйым ұсынған қызметтер;

• Клиникалық-диагностикалық қызметтерге жолдамалар;

• Медициналық ауытқулар;

• Еңбекке жарамсыздық парағы. «Е-денсаулық» емханаға тіркелу, диспансерлік есепке алу, дәрілік заттар, ауруханаға жатқызу бойынша жеке тұлғаның дербес медициналық деректері және адам денсаулығы туралы басқа да деректерді электрондық түрде қамтиды.