Емханаға тіркелу, тіркелуге қалай өтінім беруге болады, өтінім қанша уақыт қаралады және онымен кім қамтамасыз етеді
Қазақстанда емханаға тіркелуді бірнеше тәсіл арқылы жүзеге асыруға болады:
1) «Элек¬трон¬дық үкімет» веб-порталы (ары қарай- ЭҮП) арқылы: eGov.kz. порталындағы жеке кабинетіңізге кіріңіз. "Денсаулық сақтау" бөлімінде "Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу" қызметін табыңыз. Қажетті ақпаратты толтырыңыз және өтініш беріңіз;
2) Тікелей емханада:
Тіркелгіңіз келетін емханаға барыңыз. Құжаттарды (жеке куәлік, тіркеуге өтініш және қажет болған жағдайда басқа да құжаттар) ұсыныңыз.
3) eGov Mobile мобильдік қосымшасы арқылы:
Қосымшаны орнатып, жүйеге кіріңіз. Емханаға тіркелу қызметін тауып, нұсқауларды орындаңыз.
Қызмет көрсету мерзімі: Пациент АМСК ұйымына құжаттарын тапсырған сәттен бастап, сондай – ақ ЭҮП арқылы жүгінген кезде-1 (бір) жұмыс күні. Сенбі күні сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс (жексенбі) және мереке күндерінен басқа. Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінім жіберу АМСК ұйымының жұмысы аяқталғанға дейін 2 сағат бұрын (жұмыс күндері сағат 18.00-ге дейін, сенбі күні сағат 12.00-ге дейін) қабылданады.
Белгілі бір контингент АМСК ұйымына жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін (қағаз нысанындағы өтінім) қажетті құжаттар тізімі:
1) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттама қызметінің электрондық құжаты (сәйкестендіру үшін);
2) зейнеткерлер – зейнетақы куәлігі;
3) мүгедектер – зейнетақы куәлігі немесе медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысынан үзінді көшірме;
4)бала кезінен мүгедек баланың заңды өкілдері, сондай-ақ қорғаншылары немесе қамқоршылары, патронат тәрбиешілері және оларды алмастыратын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес баланы күтуді, оқытуды, тәрбиелеуді, құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын басқа да адамдардың (заңды өкілдері) – сот шешімі немесе қорғаншылық пен қамқоршылықты растайтын өзге де құжаттары;
5) сотталғандар, бас бостандығынан айыру орындарында, колонияларда сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқандар (өтеу орны бойынша) "Денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемелерінің бірінші басшысының бұйрығымен құрылған АЖ-дегі халықты АМСК- ҰЙЫМДАРЫНА тіркеуді (тіркеуден шығаруды) тіркеу мәселелерін қарау жөніндегі комиссияның хаттамасы;
6) Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер-мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді жеке құрам тізімдеріне қабылдау туралы әскери бөлім командирінің (мекеме бастығының) бұйрығынан үзінді көшірме;
7) студенттер (18 жасқа дейінгі балалар), сондай-ақ медреседе білім алушылар (18 жасқа дейінгі балалар) - жоғары оқу орны ректорының АМСК ұйымдарына ресми өтініші және оқу орны мен АМСК арасындағы комиссияның хаттамасы;
8) шет мемлекеттерде туған балалар-шет мемлекетте туылғанын растайтын құжат;
9) сәбилер үйіндегі балалар, жетімдер, қарттар үйлерінің қорғаншылары және басқалары- облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті атқарушы органдарының шешімі;
10) сенімхат бойынша, оның ішінде келісімшарт болған кезде ерікті және (немесе) есептелген медициналық сақтандыру шарты бойынша тіркеуді рәсімдейтіндер.