Иммундау Сіз үшін және Сіздің балаларыңыз үшін өте маңызды!

Құрметті ата-аналар!

Иммундау Сіз үшін және Сіздің балаларыңыз үшін өте маңызды! Өзіңізді және балаларды иммундау арқылы Сіз қызылшадан қорғанасыз. Профилактикалық егуден бас тарту арқылы сіз балаларыңыздың денсаулығына қауіп төндіресіз! Есіңізде болсын, пневмония, энцефалит сияқты асқынулар вакциналанбаған әрбір балада болуы мүмкін. Ересектерде балаларға қарағанда жиі кездесетін асқыну менингоэнцефалит болып табылады, көбінесе орталық нерв жүйесінің қайтымсыз, кері айналмайтын салдарын қалдырады. Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың 6 қарашасынан бастап қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундау жүргізілуде. 6 айдан 10 ай 29 күнге дейінгі балалар және 2 жастан 4 жас 11 ай 29 күнге дейінгі балалар, сондай-ақ медицина қызметкерлері жаппай иммундауға жатады. Сіз екпені күн сайын жазылусыз ала аласыз!