«Көлік құралын басқаруға рұқсат беру туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі

«Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м. а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген № 073/е нысаны бойынша берілген көлікті басқаруға жіберу туралы медициналық анықтама не дәлелді жауап осы стандарттың 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы. Осы анықтаманы алу үшін келесі мамандардың қорытындысынан өту қажет:

• Дәрігер-терапевт;

• Дәрігер -офтальмолог;

• Дәрігер -оториноларинголог;

• Дәрігер -профпатолог;

• Дәрігер -психиатр (диспансер);

• Дәрігер –накролог (диспансер).

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны:

Электрондық (ішінара автоматтандырылған) / қағаз. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері: ақылы негізде мемлекеттік қызметті көрсету құны Кодекстің 202-бабына сәйкес айқындалады. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер:

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;

2) көрсетілетін қызметті алушының осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынуы;

3) қағидаларға сәйкес медициналық қарап-тексерудің теріс нәтижесі.