Медициналық ұйымдарды аккредиттеу!

Медициналық ұйымдарды аккредиттеу - бұл мекемеде халыққа сапалы медициналық көмек көрсету үшін жағдайдың болуын, денсаулық сақтау жүйесіндегі стандарттарға сәйкестігі және ең бастысы-пациенттердің қауіпсіздігі мен медициналық ұйымның бәсекеге қабілеттілігін арттыру туралы сыртқы тәуелсіз кешенді бағалауды ресми түрде мойындау. Біздің 9-емханамыздың ең басты құндылығы- пациенттің денсаулығы, сондай-ақ емханада әрбір қызметкердің кәсіби өсуіне және жеке әлеуетін ашуға ықпал ететін, ұжымда қолайлы атмосферасы бар, тиімді қызметті жүзеге асыратын командалық жұмысты қалыптастыру, қызметкерлердің кәсіби тәжірибесін пайдалану және емхана жұмысының жоғары тиімділігін қамтамасыз ететін инновациялық технологияларды енгізе отырып, тұрақты даму болып табылады. Стандарттарға сәйкес жұмыс-бұл біздің ұжымның үйлесімді, күнделікті және қажырлы жұмысы. Аккредиттеу орталығына жоғары деңгейлі сарапшылар үшін, қатаң бағалау және үлкен тәжірибе алу мүмкіндігі үшін алғыс айтамыз. Біздің үйлесімді және тату ұжымымызға жоғары нәтиже үшін алғыс білдіреміз!