Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м. а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығына сәйкес емханалар деңгейінде келесі мемлекеттік қызметтерді алуға болады:

1) «Дәрігердің қабылдауына жазылу»;

2) «Дәрігерді үйге шақыру»;

3) «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру»;

4) Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ беру;

5) Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама беру;

6) Көлік құралын басқаруға рұқсат беру туралы анықтама беру;

7) Алдын ала міндетті медициналық тексеруден өту;

8) Пациенттерге стационарға емдеуге жатқызуға жолдама беру;

9) Санаторий-курорттық емделуге мұқтаждығы туралы қорытынды беру;

10) Транспланттау мақсатында ағзалардың (мүшенің бір бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тіннің бір бөлігінің) қайтыс болғаннан кейінгі донорлығына тірі кезінде бас тартуды немесе келісімді тіркеу;

11) Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекітілу;

12) Азаматтардың жекелеген санаттарына дәрілік заттарды, мамандандырылған емдеу өнімдерін, медициналық мақсаттағы бұйымдарды беру.

Ескертпе: Аталған барлық мемлекеттік қызметтер пациенттерге қызмет көрсетудің қолжетімділігін, ыңғайлылығы мен жеделдігін қамтамасыз ету мақсатында іске асырылады. Мемлекеттік қызметтерге тапсырыс электрондық үкімет порталы арқылы немесе емханаға жеке өзі хабарласу арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Сондай-ақ, кейбір мемлекеттік қызметтер Damumed қосымшасында қолжетімді.