ҚОШ КЕЛДІҢ, НАУРЫЗЫМ! 🌺🌷

🌸Жыл сайын Наурыз мейрамы қарсаныңда емхана қабырғасы бір дүбірлі той мекенге, әрдайым достық, татуластық бар жылы жерге айналады.

🌷Наурыз мейрамы барша түркі мемлекеттерінің ортақ мерекесі болғандықтан, бұл жолы мерекелік іс-шара да сол тақырыпта өтті.

Біздің қызметкерлер түркі халқының салтын, ғұрпын көрсетіп, ортаға түрлі өнерлерін салды. Өзбектің танымал биі, күмбірлеген домбырамыздың қоңыр үні, өзіміздің қара жорғамыз, қазақ халқының мағыналы өлеңдерін оқу және тағы басқа өнерлер көрермендерді паш етті.

Қызметкерлерді қазылар алқасы әділ бағалап, керемет көрсетілген өнер бойынша орындарды осылайша бөлді:

1 орын - Түрік биі мен сол елдің салты 😍

2 орын - Қазақша өлең оқу өнері 😍

3 орын - Өзбек халқының ұлттық биі мен қараға жорға биі 😍

Әрине, әрбір команда мен ортаға салған өнер ерекше әрі әдемі болды. Бағалау қиынға соқты. Себебі біздің қызметкерлер әр істе озық, бірінші, үздік 👍🏼😍

Наурыз құтты болсын! 🌷