Құрметті Damumed қосымшасының пайдаланушылары!

Құрметті Damumed қосымшасының пайдаланушылары! Damumed компаниясы тобының баспасөз қызметі әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарына үнемі мониторинг жүргізеді және кейбір жарияланымдарды талдау негізінде келесі түсініктемелерді беру қажет деп санайды. Damumed компаниялар тобы Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру туралы Заңына сәйкес пациенттің медициналық ақпараттық жүйесі мен қосымшасының меншік иесі болып табылады және оларды клиникалар мен пациенттерге ұсынады. Ал медициналық ұйымдар МАЖ иелері және олар МАЖ көмегімен жасайтын мәліметтер базасының иелері болып табылады. Сондай-ақ, ақпараттық жүйе иесінің, ақпараттық ресурс иесінің және МАЖ пайдаланушысының мәртебесі медициналық ұйымдар мен медицина қызметкерлеріне белгілі бір жауапкершілік жүктейді. Оның ішінде - деректердің дұрыстығы үшін. Қарапайым сөзбен айтқанда: қосымшада көрген барлық деректерді белгілі бір медициналық ұйымның қызметкерлері жасайды. Қосымшаның өзі қабылдауға жазылмайды, жұмыс кестесін жасамайды, көрсетілген медициналық көмек туралы жазбалар жасамайды. Егер Сіз пациенттің қолданбасын пайдаланушы ретінде дұрыс емес деп санайтын деректерді көрсеңіз, қосымшаның арнайы мүмкіндігін пайдаланып пікір қалдырыңыз немесе ақпараттың авторы болып табылатын клиникаға тікелей хабарласыңыз!