Құрметті пациенттер!
Астана қаласының №9 емханасында 10.06.2024 жылдан бастап маммография жүргізуге арналған стационарлық аппараттардың уақытша істен шыққанын хабарлаймыз, қазіргі уақытта біздің техникалық мамандар мәселені шешумен айналысуда.
Маммографиялық зерттеулер жүргізу үшін біз "Дивиера" Медициналық орталығымен және Манкент к-сі 2 мекенжайында орналасқан "Olymp Medical Group" ЖШС-мен келісімшарт жасастық, сағ: 14.00-17.00. аралығында.
Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңызға алғыс білдіреміз.