Отан қорғаушылар күні құтты болсын!

Отан қорғаушылар күні құтты болсын!

Бүгін емхананың сарбаздарын, ұжымдағы ұлан-батырларымызды төл мерекесімен құттықтап шықтық. Әрбір ер азамат біріншіден отбасының, туған-жақындарының және де ең бастысы Отанының қорғаушысы, қорғанышы!

Біздің ер азаматтарды құттықтап, оларға бүгін ән-би арнап, жылы сөздер мен құттықтаулар айтпай қайтпадық.

Сөз тізгінің директорымыз Сәуле Смағұлова бастап, ер аты бар жігіттер қауымын құттықтады. Олардың ұжымдағы орны бөлек, ерекше екенін айтып өтті. Әрқайсына бақыт, қажымас қайрат, күш-жігер мен бақыт тіледі.