Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы хабарландыру

Астана қаласы әкімдігінің «№ 9 қалалық емхана» ШЖҚ МКК (бұдан әрі – Кәсіпорын) Кәсіпорын қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталғаны туралы хабарлайды.

Талдау шеңберінде төмендегі бағыттар бойынша мәселелерді қамту жоспарлануда:

  • 1) Кәсіпорынның қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
  • 2) Кәсіпорынның ұйымдық-басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Егер Сізде Кәсіпорын қызметіне қатысты ұсыныс, шағым немесе басқа да ақпарат болған жағдайда astana-nazar@mail.ru электрондық поштасына хабарласуыңызды сұраймыз.