Сүзгі кабинеті

Астана қаласы әкімдігінің «№ 9 қалалық емхана» ШЖҚ МКК қазіргі уақытта жіті респираторлық аурулардың белгілері бар пациенттерді уақтылы емдеу үшін сүзгі-кабинеттер жұмыс істейтінін хабарлайды.

Сүзгі-кабинеттер келесі мекенжайлар бойынша орналасқан:

• № 9 қалалық емхана, мекенжайы: Мәңгілік Ел даңғылы, 16/1 • «Аманат» отбасылық денсаулық орталығы, мекенжайы: Бөкейхан көшесі, 21/а

Жұмыс тәртібі: 08:00-ден 20:00 дейін

Сүзгі-кабинетінде суық тию және инфекациялық ауру белгілері бар пациенттерді қабылдау жүзеге асырылады, қарап-тексеріледі, қажет ем тағайындалады, сондай-ақ вирустық инфекциялардың алдын алу шаралары түсіндіріледі. Сүзгі-кабинетке уақтылы жүгіну ауруларды ерте анықтауға; өзіңізді және жақындарыңызды қорғауға; ауруды емдеу және алдын алу бойынша уақтылы ұсыныстар алуға көмектеседі.

Дәрігерге уақтылы бару - сіздің денсаулығыңыздың кепілі!

Өзіңізге және жақындарыңызға қамқорлық жасаңыз! Тұмаудың немесе ЖРВИ-дің алғашқы белгілері пайда болған кезде емхананың сүзгі-кабинетіне хабарласыңыз.