ТУБЕРКУЛЕЗДЕН ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: ТБ-ға қарсы ашық есік күні

😷 Ашық есік күнінде және айлық барысында дәрігерлер тұрғындарды қабылдап, туберкулез ауруы және оның алдын алу туралы өз кеңестерін беріп жатыр.

⚠️Туберкулез (ТБ) –бактериялардан туындаған инфекциялық ауру. Әдетте, туберкулез кезінде өкпе зақымданады, бірақ, үрдіс буындарға, несепқапқа, омыртқа бағанына, миға, және дененің басқа бөліктеріне тарауы мүмкін.

❓Аурудың симптомдары қандай?

Туберкулез белсенді болмаса, аурудың ешқандай симптомдары болмайды. ❗️Белсенді туберкулездің симптомдары: 3 аптадан артық уақытқа созылатын, кейде қан қақырығы болатын жөтел, кеудедегі ауырсыну, шаршау, жоспарсыз тез салмақ жоғалту, тәбеттің жоғалуы, қалтырау және түнгі тершеңдік.

Егер сізде осы белгілер байқалса тез арада дәрігерге жүгініңіз! Туберкулез диагностикасы мен емі ақысыз негізде жүргізіледі!