Қызылша аүрүы туралы не білу керек?

Елімізде 6 айдан 10 айға дейінгі балаларды қызылшаға қарсы вакциналау 2023 жылдың 6 қарашасынан, 2 жастан 4 жасқа дейін - 2023 жылдың 5 желтоқсанынан басталады. Қызылша - өте жұқпалы ауру және ұжымда, оның ішінде мектепке дейінгі балалар ұйымдарында, мектеп, оқу орындарында, егілмегендер арасында тез таралуы мүмкін. Қазақстан Республикасының халқы арасында қызылшамен сырқаттанушылықтың одан әрі таралуының алдын алу және елдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында «Қызылшаға қарсы санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар жүргізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2023 жылғы 1 қарашадағы № 7 қаулысы шықты. Осы қаулыға сәйкес ағымдағы жылдың 6 қарашасынан бастап 6 айдан 10 ай 29 күн аралығындағы балаларға қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы қосымша жаппай иммундау (бұдан әрі – қызылшаға қарсы ҚЖИ) жүргізіледі. Әрі қарай, қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы вакцина партиясы келіп түскеннен кейін қызылшаға қарсы егу мәртебесіне қарамастан 2 жастан 4 жас 11 ай 29 күн дейінгі балаларға, сондай-ақ медицина қызметкерлеріне қызылшаға қарсы ҚЖИ өткізу жоспарлануда. Айта кететін жайт, екпе егілетін адамның немесе ата-ананың ақпараттандырылған келісімін алғаннан кейін ғана жасалады. Екпе алу үшін жұмыс күндері сағат 9-дан бастап 17-ге дейін жазылусыз учаскелік дәрігерге жүгіну керек.