"YЗДІК" ДЕГЕН АТАҚ БІЗГЕ НЕ УШІН БЕРІЛДІ?

Алдыңғы материалда біз «Үздік емхана» мәртебесі туралы айтып, азаматтарға сапалы медициналық көмек көрсетуге бағытталған қызметімізді сипаттаған болатынбыз.

Бірақ, тағы бірнеше мысал келтіріп, сіздермен емханамыздың басқа да мол артықшылықтарымен бөлісейік. Сонымен....

Біз 2015 жылдан бері қала тұрғындарына медициналық көмекті көрсетіп келеміз, бүгінгі таңда емханаға елорданың 100 мыңнан астам тұрғыны тіркелген. Ал бұл 62 учаскенің 400-ге жуық дәрігерлері мен орта буын медицина қызметкерлерінің жұмысы.

Амбулаториялық хирургия орталығы бар күндізгі стационар емдеу және оңалту іс-шараларына арналған 51 орынға есептелген. Сонымен қатар, оңалту бөлімшесі жұмыс істейді.

Кішкентай пациенттер үшін психофизикалық дамуы бағаланатын, аудиологиялық скрининг жүргізілетін баланың даму кабинеті жұмыс істейді. Шала туған нәрестелер катамнез кабинетінің бақылауында болады.

Коронавирустық пандемия кезінде біздің емхана ерекше ауыртпалықты бастан өткерседе, үйлесімді жұмыс нәтижесін көрсетті: ● мобильді бригаданың шақыртуларға 25 000-нан астам шығуы; ● жедел медициналық жәрдемнің қауырттығы 4 санатындағы 35 000 шақыртуға шығуы, ● қашықтан 160 760 қызмет көрсетілді, ● 23,000 КT зерттеуі, ● 1 млн. астам зертханалық қызметтер, ● 95,000 ПТР зерттеулері.

Сондай-ақ біздің емхана «Астана» медицина университетінің, Назарбаев университеті медицина мектебінің студенттері үшін оқу-клиникалық база болып табылады, олар да біздің мамандардан білім алады.

Бұдан басқа емханада созылмалы жүрек функциясының жеткіліксіздігі және жүрекшелердің фибрилляциясы бар пациенттерді басқару кабинеттері жұмыс істейді. Сондай-ақ, бізде «Демеу» медициналық-әлеуметтік терезесі жұмыс істейді. Мұндай көмек өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға көрсетіледі. Бұл туындаған әлеуметтік мәселелерді жеңуге жағдай жасайды.