4 ақпан - Дүниежүзілік онкологиялық аурулармен күрес күні

Жыл сайын 4 ақпанда Халықаралық қатерлі ісікке қарсы күрес күніне орай Дүниежүзілік онкологиялық аурулармен күрес күні атап өтіледі.

Қатерлі ісік - бұл дененің кез келген бөлігіне әсер етуі мүмкін 100-ден астам аурудың жалпы атауы. Қатерлі ісікке тән белгілердің бірі - қалыпты шекарасыдан тыс өсетін аномальды жасушалардың тез пайда болуы. Темекі түтіні сияқты белгілі канцерогендермен байланыста болмау арқылы қатерлі ісік ауруының 40% - на дейін алдын алуға болады. Қатерлі ісіктің көптеген түрлері ерте анықталса және дұрыс емделсе, емделу мүмкіндігі жоғары. Қазақстанда жыл сайын қатерлі ісіктің 36 мыңға жуық жаңа жағдайы тіркеледі, 14 мыңға жуық адам қайтыс болады. Онкологиялық ауруларды ерте кезеңде анықтау мақсатында елімізде Ұлттық скринингтік бағдарламалар енгізілді. Айта кетерлігі, қазақстандықтар үшін онкологиялық скринингтің 3 түрі тегін жүргізіледі: жатыр мойны обырының скринингі, сүт безі обырының скринингі және колоректальды обырдың скринингі. Сіз Мәңгілік ел даңғылы, 16/1 мекенжайы бойынша Астана қаласының № 9 қалалық емханасында 137, 138 кабинеттерде скринингтік тексеруден өте аласыз. Сондай-ақ, 2024 жылғы 8 ақпанда Астана қаласының «№ 9 қалалық емхана» ШЖҚ МКК-да Халықаралық қатерлі ісікке қарсы күрес күніне (4 ақпан) орайластырылған Ашық есік күні өткізіледі:

  • онкологтың кабинеті № 206
  • маммологтың кабинеті № 204
  • СӨС дәрігерінің кабинеті № 212