Сипаттама

Заманауи инновациялық және басқару технологияларын пайдаланатын, жоғары білікті мамандармен қамтамасыз етілген, бекітілген халыққа жоғары сапалы медициналық қызмет көрсететін, бәсекеге қабілетті емдеу-профилактикалық кәсіпорын.

Көрсетілетін медициналық көмек түрлері:

  • дәрігерге дейінгі медициналық көмек;
  • медициналық-санитариялық алғашқы көмек;
  • консультативтік-диагностикалық нысандағы мамандандырылған медициналық көмек;
  • медициналық оңалту;
  • стационарды алмастыратын көмек (күндізгі стационар, амбулаториялық хирургия орталығы);

Астана қаласы әкімдігінің № 9 қалалық емханасы қаланың сол жағалауында орналасқан, ауысымына 500 адамды қабылдау есебімен 2015 жылдың маусым айында пайдалануға берілген, нақты қуаттылығы ауысымына 1150 адамнан астам. Бекітілген тұрғындардың жалпы саны 88 мың адамнан жоғары.

Біздің мекенжайымыз: Мәңгілік Ел даңғылы, 16/1. Бізбен байланысу үшін «Байланыстар» бөліміне өтіп, қажетті ақпаратты таба аласыз.

Миссиясы, Көрінісі, Құндылықтары

Ұйымның миссиясы - денсаулық сақтаудағы заманауи технологияларды пайдалана отырып, аурулардың алдын алуға, созылмалы ауруларды басқаруға басымдық бере отырып, пациентке бағдарланған, сапалы, қолжетімді, қауіпсіз медициналық көмек көрсету.

КөрінісіПациенттің қажеттіліктерін қанағаттандыратын, бәсекеге қабілетті қолжетімді медициналық ұйым.

Біздің құндылықтар:

  • Пациенттің денсаулығы - денсаулықтың оңтайлы деңгейін сақтауға және жақсартуға қол жеткізу үшін халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған.
  • Пациенттердің құқықтарын сақтай және медициналық көмек көрсетудің сенімгерлік қағидатын енгізе отырып, пациенттерге жеке көзқарас қалыптастыру.
  • Ұжымда қолайлы ахуалмен әрбір қызметкердің кәсіби өсуіне және жеке әлеуетін ашуға ықпал ететін тиімді қызметті жүзеге асыратын пікірлестермен емханада командалық жұмысты қалыптастыру.
  • Емхана қызметінде қызметкерлердің кәсіби тәжірибесін пайдалану және емхана жұмысының жоғары нәтижелігі мен тиімділігін қамтамасыз ететін инновациялық технологияларды енгізе отырып, жұмыстағы сабақтастықты тұрақты дамыту.
  • Қызметкерлердің соңғы жетістіктер мен инновацияларға негізделген пациенттердің денсаулығын кешенді бақылаудың мемлекеттік бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға деген ұмтылысы.
  • Емхана қызметін үздіксіз жетілдіруге бағытталған басшы құрамның жауапкершілігі мен көшбасшылығы.
Емхананың құрылымы
Аккредиттеу сертификаты