Мамандандырылған хирургиялық көмек бөлімшесі

Бөлімше меңгерушісіАбдуллаев Арслан Усенович - уролог дәрігер, хирург дәрігер, бірінші санат. Еңбек өтілі-12 жыл, Ақтөбе қаласы Марат Оспанов атындағы БҚММУ түлегі. 2019 жылы Оңтүстік Кореяда урология және андрология бойынша тағылымдамадан өтті. Эл.мекенжайы: Arslan_86_09@mail.ru, байланыс телефоны: 98-38-91, № 205 кабинет.


Бөлімшенің аға мейіргеріХамидуллина Лаззат Бегимовнажоғары санат. Көкшетау қ. КМУ түлегі. Астана қаласының жоғары медициналық колледжі, жұмыс өтілі -33 жыл. Эл.мекенжайы: lyaza_64@mail.ru, байланыс телефоны: 98-38-91, № 205 кабинет.

 

Бөлімшенің негізгі міндеттері:

  • Қолданыстағы нормативтік-директивалық, ұйымдық-құқықтық, өкімдік және басшылық құжаттардың талаптарын ескере отырып, пациенттерге мамандандырылған көмек және амбулаториялық-хирургиялық (жедел) және амбулаториялық профилактикалық медициналық көмек көрсету;
  • Пациенттерге жіті және созылмалы аурулар, жарақаттар немесе басқа да шұғыл жағдайлар кезінде білікті мамандандырылған медициналық көмек көрсету.

Бөлімше функциялары:

  • Хирургиялық, травматологиялық-ортопедиялық, урологиялық, офтальмологиялық, оториноларингологиялық, онкологиялық, маммологиялық, стоматологиялық патология мәселелері бойынша халыққа мамандандырылған консультациялық диагностикалық, емдік, оңалту көмегін көрсету;
  • Ауруларды ерте анықтау мақсатында пациенттерді тексеру;
  • Созылмалы аурулары бар адамдарды динамикалық бақылау;
  • Басқа денсаулық сақтау ұйымдарымен сабақтастықты және ведомствоаралық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету.

 Бөлімшенің сипаттамасы (құрылымы):

Мамандандырылған хирургиялық бөлімше Астана қаласы әкімдігінің «№9 қалалық емхана» ШЖҚ МКК құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Хирургия бөлімшесінің құрамына штаттық кестеге сәйкес келесі лауазымдық бірліктер кіреді:

  • Хирургия бөлімшесінің меңгерушісі
  • Аға мейіргер
  • Хирург дәрігерлер мен мейіргерлер
  • Уролог дәрігерлер мен мейіргерлер
  • Ортопедиялық травматолог дәрігерлер мен мейіргерлер
  • Антирабия мейіргері
  • Проктолог дәрігер мен мейіргер
  • Оториноларинголог дәрігерлер мен мейіргерлер
  • Офтальмолог дәрігерлер мен мейіргерлер
  • Онколог дәрігер мен мейіргер
  • Маммолог дәрігер мен мейіргер
  • Ангиохирург дәрігер мен мейіргер
  • Стоматолог- терапевт дәрігерлер мен мейіргерлер
  • Стоматолог-хирург дәрігер мен мейіргер

Біздің емхананың амбулаториялық хирургия орталығы негізінде бекітілген және бекітілмеген халыққа хирургиялық бейіндегі білікті және мамандандырылған көмек көрсетіледі, заманауи медициналық жабдықтар пайдаланылады және жоғары білікті мамандар жұмыс істейді.

 Амбулаториялық хирургия орталығында хирургиялық, проктологиялық, травматологиялық, урологиялық және басқа да операциялар жасалады:

Операциялар атаулары 

1

Тері астындағы май тінінің өсіндісін (липома, гемангиома, киста) алып тастау

2

Тері өсінділерін кесу

3

Сүндетке отырғызу

4

Гигромэктомия

5

Бурсэктомия

6

Аяқ-қол сүйектеріндегі металл құрылымын алып тастау

7

Геморроидэктомия

8

Созылмалы айналшықтық жарықшақты кесу, сфинктертомия

9

Анальды неоплазманы алып тастау (айналшық каналының полипэктомиясы)

10

Параректальды тіндерді кесу

12

Халазионды кесу

13

Көтергіш бұлшықетті немесе апоневрозды резекциялау немесе жылжыту арқылы блефароптозды түзету

15

Сүт бездерінің қатерсіз өскіндерін жою

17

Жарықты тілу, кіндік жарығындағы жергілікті тіндердің пластикасы

19

Шәуеттегі баудың варикоцеле мен гидроцеле операциясы

22

Сіңір пластикасы. Қол буындарының басқа сіңірін басқа жолмен тігу

23

Саусақтардың ампутациясы

24

Жұмсақ тіндерден бөгде затты алып тастау

25

Пилонидті кистаны кесу


Бөлімше фотогалереясы: