Мектеп медицинасы бөлімшесі (ММБ)

Мектеп медицинасы бөлімінің үйлестірушісі: Дүйсембекова Ботагөз Амантайқызы - мейірбике ісінің бакалавр иесі, жоғары біліктілік санаты, жұмыс өтілі 22 жыл, байланыс телефоны: 8(705) 114 23 67.


Бөлімшенің негізгі міндеттері:

  • Бекітілген Білім беру ұйымдарында балаларға профилактикалық, диагностикалық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
  • Жедел медициналық көмек көрсететін медицина қызметкерлері келгенге дейін шұғыл жағдайларда пациенттерге алғашқы көмек көрсету;
  • Мектептердің медициналық пункттерінде балаларға консультациялық көмек көрсету;
  • Білім алушылар арасында аурулардың алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау және қалыптастыру бойынша оқыту семинарларын, тренингтер мен дәрістерді ұйымдастыру және өткізу, ақпараттық – түсіндіру жұмыстары.


Бөлімше функциялары

  • Мектеп медицинасы бөліміне келесі функциялар жүктеледі:
  • Осы емханаға бекітілген мектеп-мектепке дейінгі мекемелердің балаларына білікті емдеу-профилактикалық көмек көрсету;
  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ – 264/2020 бұйрығына сәйкес профилактикалық медициналық тексерулер жүргізу;
  • Профилактикалық медициналық тексерулердің нәтижелері бойынша сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыру;
  • Заттарды қолданумен байланысты мінез-құлық тәуекелдерінің алдын алу;
  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 612 қаулысына сәйкес емханаға бекітілген балаларға иммунопрофилактиканы жоспарлау, ұйымдастыру және жүргізу;
  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ – 214/2020 бұйрығына сәйкес туберкулез рекомбинантты туберкулезді диагностиканы және аллергенді жоспарлау, ұйымдастыру және жүргізу;
  • Қызметкерлердің (медбикелер мен дәрігерлердің)жұмысын бақылау, мониторингілеу, талдау;
  • Мектеп медицинасы бөлімшесінің медициналық құжаттамасын жүргізу;
  • Өз жұмысында этика және деонтология принциптерін сақтау;
  • Санитарлық-эпидемиологиялық режимді сақтау және орындау;
  • Білім алушылар мен педагогтардың заңды өкілдерін денсаулықты қорғауға тарту, аурулардың алдын алу бойынша оқыту семинарларын, дәрістерді, тренингтерді өткізу.


Бөлімшенің сипаттамасы (құрылымы):

Мектеп медицинасы бөлімі балаларды тікелей мектепке дейінгі және орта білім беру мекемелерінде медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жүзеге асырады. Мектеп медицинасы бөлімшесінің құрамына штаттық кестеге сәйкес келесі лауазымдық бірліктер кіреді:

  • Бөлімше меңгерушісі;
  • Бөлімшенің аға медбикесі;
  • Мектеп медицинасының дәрігері;
  • Дәрігер фтизиатр балалар;
  • Мектеп медицинасы бөлімінің медбикесі;
  • Мектептің медициналық пунктінің медбикесі.

Мектеп медицинасы бөлімшесінің құрылымына 6 мемлекеттік мектептің, 4 республикалық мектептің және 6 жекеменшік мектептің медициналық пункттері кіреді. Бұдан басқа, емханаға аумақтық іргелес 8 мемлекеттік балабақша қызмет көрсетеді.

01.01.2023 жылға бөлімшеде 17 қызметкер жұмыс істейді: 4 дәрігер, оның ішінде 1 жоғары біліктілік санаты, 2 дәрігер - бірінші санаты, 1 дәрігер 2 санаты бар. Дәрігерлер санатының жалпы көрсеткіші 100 %.

13 медбике, оның ішінде 4 медбике жоғары біліктілік санатына ие, 2 медбике бірінші біліктілік санатына ие, 3 медбике жас мамандар және 4 медбике санатсыз. 01.01.2023 жылға медбикелер санатының жалпы көрсеткіші 60% құрайды.

Қызмет көрсету аумағы:

Мектептер: № 45 орта мектеп, №66 мектеп – лицей, №75 мектеп – гимназия, № 77 мектеп – гимназия, №82 Дарын мамандандырылған мектеп-лицейі, Қадыр мырза Ата атындағы Бином мектебі, НЗМ ФМН, НЗМ IB, НЗМ МША, РФММ, Alpamys, Seed school, New Level, Intellect Primary school, Ascent, Болашақ.

Балабақшалар: № 54 бөбекжай, №56 бөбекжай, №64 бөбекжай, №70 бөбекжай(филиал), №75 бөбекжай, №76 бөбекжай, №77 бөбекжай, №87 бөбекжай.


Бөлімше келесі қызметтерді көрсетеді:

  • Балалардың профилактикалық тексерулері;
  • иммунопрофилактика;
  • туберкулинодиагностика және Д-тест жүргізу;
  • Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.



Бөлімнің фотогалереясы: