Бөлімше меңгерушісі: Жарасбаева Бейбітгүл Нұрғалиевна, жоғары санатты, жұмыс өтілі - 39 жыл. Денсаулық сақтау ісінің үздігі.

Аға мейіргер: Наурузбекова Лира Чакеновна,1 санатты, жұмыс өтілі - 38 жыл. Кәсіподақ ұйымының үздігі.


Негізгі міндеттер:

1) балаларға, оның ішінде нәрестелерге дәрігерге дейінгі, білікті, мамандандырылған медициналық көмек және жоғары технологиялық медициналық қызмет көрсету;

2) медициналық көмекке қолжетімділікті және медициналық қызметтің сапасын қамтамасыз ететін іс-шараларды өткізу;

3) БЖАЫЖ қағидаттарын сақтау;

4) балаларға медициналық оңалту жұмысын өткізу;

5) профилактикалық көмек көрсету:

    • жүкті әйелдер патронажы;

    • саламатты өмір салтын қалыптастыру және насихаттау, тиімді және дұрыс тамақтану бойынша кеңес;

    • күтім, аурудың қауіпті белгілері және қауіп төндеретін жағдайлар мәселелері бойынша баланың заңды өкілдерімен ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу;

    • емізуді қолдау және лактация мәселелері бойынша, алты айға дейінгі балаларға тек емшек сүтін ғана беру практикасы және екі жасқа дейін емізуді жалғастыру бойынша консультация беру;

    • Балалардың туа біткен патологиясын және психофизикалық дамуының, көру және есту қабылетінің бұзылуын анықтау үшін «Скринингті ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 9 қыркүйектегі № 704 (бұдан әрі – № 704 бұйрық) бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6490 болып тіркелген) сәйкес скринингтік зерттеулер жүргізу;

    • баланың ерте дамуы мәселелері бойынша консультация беру;

    • медициналық профилактикалық қарап-тексерулер;

    • вакциналау;

    • динамикалық бақылау;

    • балаларды, оның ішінде жаңа туған нәрестелердің үйдегі патронажы.

6) сырқаттанушылықтың алдын алу және төмендету, әлеуметтік маңызы бар, оның ішінде онкологиялық немесе гематологиялық аурулардың ерте нысандарын, В және С гепатиттерін, АИТВ инфекциясы мен туберкулездің бастапқы түрін анықтау бойынша, сондай-ақ аурулардың қауіп факторларын, балалар мүгедектігін, өлімін анықтау бойынша іс-шаралар өткізу.


Педиатриялық бөлімшенің құрылымы:

- 8 педиатриялық учаске: 4, 14, 20, 21, 23, 27, 28, 67;

- Егу кабинеті;

- Емдеу кабинеті;

- Катамнез кабинеті.

Тіркелген балалардың жалпы саны: 8300.


Катамнез кабинеті.

Жұмыстың негізгі мақсаты – балалардың денсаулығын нығайту және олардың әлеуетін толық дамыту мақсатында кешенді, дербестендірілген ерте оңалту жұмысын жүргізу.

Консультацияны жоғары санатты дәрігер-педиатр, медицина ғылымдарының кандидаты Мухамеджанова Айнұр Адилгалиевна жүргізеді.


Бөлімнің фотогалереясы: