Шұғыл медициналық көмек бөлімшесі

Бөлімінің меңгерушісі : Боранбаев Еркебулан Серикович - II санатты дәрігер , жұмыс өтілі  8 лет.

Астана қаласы әкімдігінің «№ 9 қалалық емхана» ШЖҚ МКК әкімшілігі Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мемлекеттік мекемесі басшысының «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдарда шұғыл медициналық көмек бөлімшелерін ашу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру туралы» Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының 2023 жылғы 9 қаңтардағы № 6-Ө бұйрығына толықтыру енгізу туралы» 2023 жылғы 10 сәуірдегі № 160-Ө бұйрығы негізінде Астана қаласы әкімдігінің «№ 9 қалалық емхана» ШЖҚ МКК-де 2023 жылғы 12 мамырдан бастап шұғыл медициналық көмек бөлімшесі ашылғаны туралы хабарлайды.

Осы бұйрық шеңберінде шұғыл медициналық көмекке «103» (жеделдіктің 4-санаты) телефон нөмірі бойынша хабарласқан немесе емханаға өз бетінше көмекке жүгінген кезде емхана деңгейінде шұғыл көмек бөлімшесі пациенттерге медициналық көмек көрсетеді, белгілі бір тексерулер мен емшараларды жүргізеді, амбулаториялық ем тағайындайды немесе қажет болған жағдайда әрі емдеуге жатқызу үшін тәулік бойы жұмыс істейтін стационарға жолдайлы

Жұмыс кестесі: емхана негізіндегі шұғыл медициналық көмек бөлімшесі (бұдан әрі – ШМК) дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 08:00 – ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді.


Көмекке жүгіну себептері

Науқастың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндірмейтін жіті аурудан немесе созылмалы аурудың асқынуынан туындаған, ағза мен жүйелердің кенеттен және айқын бұзылуынсыз, төменде аталған жағдайларда емхана деңгейінде ШМК бөлімшесі пациентті қабылдайды:

1. Өмірге қауіп төндіретін айқын белгілері жоқ созылмалы аурулардың асқынуы;

2. Тері мен тері астындағы тіндердің жіті қабыну аурулары;

3. Жеңіл жарақаттар (үстірт жаралар, 1-2 дәрежелі күйік, ауданы 10% - дан аспайтын зақымдану, соғылған жер, сыдырылған тері);

4. Созылмалы аурудан туындаған ауырсыну синдромдары;

5. Бөгде заттар (тыныс алу жолдары мен асқазан-ішек жолдарынан басқа);

6. Жануарлар мен жәндіктердің қабуы (шағуы);

7. Артериялық гипертензия (асқанған кризсіз).

Туындаған сұрақтар бойынша емхананың пациенттерді қолдау қызметіне 8 (7172) 55-43-61, 8 708 425 03 98 телефон нөмірлері бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.

Бөлімнің фотогалереясы: